Ирандағы мұнай-газ кенішіне шабуыл жасалды
АҚШ пен Израиль Ирандағы «Оңтүстік Парс» атты мұнай-газ кенішіне шабуыл жасады. Соққы салдарынан мұнай-химия нысандарына зақым келіп, отқа оранды.
Қызметкерлер қауіпсіз жаққа көшірілді. Өртті сөндіруге әрекет жасалып жатыр. «Оңтүстік Парс» – табиғи газ бойынша әлемдегі ең ірі кен орны. Tasnim хабарлауынша, Иран қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеген. Ислам төңкерісі сақшылары корпусы Парсы шығанағы елдеріне ескерту жолдады.