Пентагон Ақ үйден $200 млрд сұрады

Ирандағы операцияны жалғастыру үшін Пентагонға 200 миллиард доллардан астам қаражат керек.

Бұл өтініш Ақ үйге жолданды. Аталған соманы бөлу үшін, Конгресс мақұлдауы керек. Вашингтон Пост ((The Washington Post )) басылымының мәліметіне сүйенсек, Пентагонның өтініші қарулы қақтығысқа қарсы заң шығарушылардың қарсылығына тап болуы мүмкін. Осыған дейін Америка Ирандағы әскери операцияға 12 миллиард доллар жұмсаған.