Ливанда шабуылдан БАҚ өкілдері жарақат алды
Израиль күштері Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасады.
Салдарынан Ар Ти ((RT)) агенттігінің тілшісі Стив Суиней мен операторы жарақат алды.
Оқиға Ливанның оңтүстігіндегі әскери базалардың біріне жақын маңда, түсірілім кезінде болған. Соққы жасалған сәтте түсірілім тобы арнайы Пресса ((PRESS)) жазуы бар жилет киіп тұрған. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда зардап шеккендер есін біледі, арасында аяқ-қолына оқ бытырасы тигендер бар. Қазір оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 2 наурыздан бері Израиль шабуылдарынан Ливанда 968 адам қаза тапты.