Израиль Ливанға бақылау орнатуға ниетті
Израиль Ливан оңтүстігінің бір бөлігін өз бақылауына алуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.
Оның айтуынша, Литани өзенінің оңтүстігінде «қауіпсіздік аймағы» құрылуы мүмкін. Осылайша «Хезболла» күштерін шекарадан ығыстырып, Израильге төнетін қауіпті азайту жоспарланып отыр.
«Хезболла» Израильдің бұл ниетін айыптап, қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін ЦАХАЛ Ливан билігін ұйымды қарусыздандыруға шақырып, қақтығыстың одан әрі өршу қаупі туралы ескерткен еді.