Мысыр Иран келіссөзін өткізуге дайын
Мысыр АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасын қолдайды және Иранға қатысты келіссөздерді өз елінде өткізуге дайын. Бұл туралы Араб елінің Сыртқы істер министрі мәлімдеді.
Бадр Абделатти, Мысыр сыртқы істер министрі:
- Біз қақтығысты басу және аймақта тыныштық орнату бойынша кез келген кездесуді өткізуге дайынбыз. Осы тұрғыда Парсы шығанағы елдерімен, Пәкістан және Түркиямен, сонымен қатар АҚШ-пен күнде кеңесіп отырмыз. Қарсылас екі тараптың арасында тікелей келіссөздер өтеді деген үміттеміз.