АҚШ Иранға он күн уақыт берді

АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына соққы беруді 10 күнге шегереді.

Мұны Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. Осыған дейін Вашингтон Тегеранға 5 күн уақыт берген еді. Енді сол мерзімді 6 сәуірге дейін ұзартты. Сондай-ақ Ақ үй басшысы Тегеранмен диалогқа оң бағасын берді. Келіссөз жүргізудегі қиындықтар туралы ақпарды жоққа шығарды. Ал Тасним ((Tasnim)) басылымының дерегі бойынша Иран АҚШ ұсынған бейбіт жоспарды қабылдамаған. Ислам Республикасы Вашингтонға өз шартымызды ұсындық дейді. Енді соның жауабын күтіп отырғанын жеткізген. Тегеран АҚШ пен Израильден қайта шабуыл бастамайтынына кепілдік беруін және өтемақы талап етіп отыр.