Үндістанда жанармай тапшылығы жоқ
Бұл туралы жергілікті Мұнай министрлігі хабарлады. Ел бензинге салынатын акцизді литріне 11 центке төмендетті, ал дизель отынына бұл салықты мүлде алып тастады.
Халықаралық GlobalPetrolPrices порталының дерегіне сүйенсек, бұған дейін бензиннің бір литрі 1 доллар 8 цент тұрған. Бұл шамамен 520 теңге. Билік өкілдері салық жеңілдіктері ішкі нарықтағы бағаның күрт өсуін тежеуге көмектеседі деп отыр. Үндістан – әлемдегі мұнайды ең көп тұтынатын үшінші мемлекет. Қажетті мұнайдың жартысына жуығын және сұйытылған газдың 90 пайызын Таяу Шығыс елдерінен импорттайды.