Австралия жанармай салығын азайтады

Австралия жанармай мен дизель отынына салынатын салық көлемін 2 есе азайтты.

Уақытша шешім 1 сәуірде күшіне еніп, маусымның соңына дейін жалғасады. Осылайша үкімет Таяу Шығыстағы қақтығыс туындатқан ғаламдық энергетика дағдарысы кезінде ел азаматтарына қолдау көрсетуді көздейді.

Бұдан бөлек үлкен жүк тасымалынан алынатын жол алымы 3 айға тоқтатылмақ. Премьер-министр Энтони Альбаниз нарықтағы жағдайдың оңай еместігін алға тартады. Мұнда өткен аптада дизель отынының бағасы 3 Австралия долларына жеткен. Бұл шамамен 1000 теңге. Ал жанармай 2 жарым Австралия долларына қымбаттады. Бұл кейінгі 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 

Энтони Албаниз, Австралия премьер-министрі:

- Таяу Шығыстағы соғыс жалғасқан сайын оның салдары ауырлай бермек. Біз қазірден өз азаматтарымызға осыны ескертуге тиіспіз. Халық та қатты алаңдаулы. Бірақ бізде осы дағдарысқа қарсы тұру үшін нақты жоспар бар.