Хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазын жабады
Йемендегі хуситтер АҚШ пен Израильге сес көрсетті.
Олар Иранға қарсы шабуыл күшейсе, Баб-эль-Мандеб бұғазын жабамыз деп отыр. Бұл туралы Фарс ((Fars)) агенттігі хабарлады. Қызыл теңіздің оңтүстігінде орналасқан бұл бұғаз әлемдік сауда үшін стратегиялық маңызы зор негізгі бағыттардың бірі. Баб-эль-Мандеб арқылы әлемдегі мұнай мен мұнай өнімдерінің шамамен 12 пайызы тасымалданады. Қозғалыс өкілдері жағалаудағы мемлекеттерге үндеу жасап, американдық және израильдік кемелерге логистикалық қолдау көрсеткендер соғысқа тікелей қатысушы ретінде бағаланатынын мәлімдеді. Хуситтер мұндай жағдайда Тегеранды қолдау үшін әскери іс-қимылға әзір екенін жеткізді.