Францияда жанармай қымбаттады

Францияда да жанармай қымбаттап, кейінгі 40 жылда болмаған деңгейге жетті. Le Figaro басылымының жазуынша, өткен аптада дизель отынының бағасы 8 пайызға өсіп, литрі 2 еуродан асқан. 

Сарапшылар: «Бағаның қымбаттауына Ормуз бұғазының жабылуы себеп», - дейді. Өйткені Парсы шығанағы елдерінен мұнай тасымалы тоқтап қалған. Бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті билік техникалық стандарттары төмен отынды сатуға рұқсат берді. Сонымен қатар келесі айда экономиканың ең көп зардап шеккен салаларын қолдауға 70 миллион еуро бөлмек. Дизель Францияда ең көп сұранысқа ие отын. Ішкі нарықтың шамамен 70%-ын осы жанармай түрі құрайды.