Иран атысты тоқтатуды сұрады – Трамп
Иран АҚШ-тан атысты тоқтатуды сұрайды.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Америка көшбасшысы Ормуз бұғазы ашылса, бұл ұсынысты қарастыратынын айтты. "Ал әзірге АҚШ әскери күштері Ислам мемлекетіне шабуылдауды жалғастырады" дейді. Алайда Иранның мемлекеттік телеарнасы Трамптың бұл мәлімдемесін "жалған" деп, жоққа шығарды.
Қазір Ормуз бұғазындағы жағдай толықтай Иранның бақылауында тұр.