Иранға жасалған шабуылдан кейін ірі көпір қирады
АҚШ-Израиль шабуылынан Ирандағы ірі көпір қирады.
Салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 95-і ауыр жарақат алды. Жергілікті халық көпір маңына табиғат күнін атап өтуге жиналған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, құрылысы әлі аяқталмаған нысан Таяу Шығыстағы ең биік көпірлердің бірі. Ұзындығы 1 мың 50, ал тіреу бағандарының биіктігі - 136 метр. Тегеранды елдің батыс өңірлермен байланыстыратын маңызды жол. Шабуылға қатысты Иранның Сырқы істер министрі Аббас Аракчи "азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуыл қарсыласының моральдық күйреуінің көрсеткіші" деп пікір білдірді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желісінде мұндай соққылар әлі де болатынын жазды.