Трамп Алькатрасты іске қосуға $152 млн бөледі
АҚШ президенті Дональд Трамп Алькатрас түрмесін қайта ашуға 152 миллион доллар бөлуді ұсынды.
Бұл қаражат 2027 жылға арналған бюджет жобасына енгізілген. Президенттің айтуынша, аралдағы қатаң режимдегі түрме ауыр қылмыс жасағандар үшін қолданылмақ. Жоба алдағы уақытта Конгресте қаралады. Алькатраста ең қатыгез, қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейтін. Абақты 1963 жылы жабылған еді. Қазір бұл жер Сан-Францискодағы танымал туристік орындардың бірі болып есептеледі.