Италияда авиаотынға шектеу енгізілді
Италияның бірнеше әуежайында коммерциялық ұшақтарға жанармай құю шектелді.
Өйткені әуе отынын жеткізетін Air BP Italia компаниясы Ормуз бұғазындағы қақтығысқа байланысты тапшылыққа тап болып отыр. Шектеу Милан, Венеция, Болонья мен ТревИзо әуежайларында 9 сәуірге дейін енгізілді. Мұнда алдымен санитарлық ұшақтарға, мемлекеттік рейстер мен ұзақтығы үш сағаттан асатын бағыттарға басымдық беріледі. Басқа әуе кемелеріне жанармай тек 2 мың литрден құйылады. Айта кетейік, Иран Ормуз бұғазын жапқаннан кейін әлемдік нарық мұнай-газдың 25 пайызынан айырылды.