Иранның 763 мектебі қирады
АҚШ пен Израиль Ирандағы 763 мектепті қиратты. Бұл туралы «Қызыл Жарты ай» халықаралық ұйымына сілтеме жасаған «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлады.
Бұдан бөлек, 23 мыңға жуық коммерциялық нысан, 322 медицина орталығы, 18 ғылыми-академиялық институтқа зақым келді. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметіне тиесілі үш тікұшақ пен 46 жедел жәрдем көлігі істен шыққан. Шабуылдар кезінде 24 медицина қызметкері қаза тауып, 116-сы жараланды.