АҚШ-Иран келіссөзі Исламабадта өтуі мүмкін
Пәкістан АҚШ пен Иранға келіссөз өткізуге өз алаңын ұсынып отыр. Премьер-министрі Шехбаз Шарифтің айтуына қарағанда, кездесу 10 сәуірге белгіленуі мүмкін.
Сондай-ақ екі тарапқа сабыр танытып, ортақ келісімге келгені үшін ризашылығын білдірді. CNN телеарнасының мәліметі бойынша, Исламабадта өтетін басқосуға АҚШ делегациясын Ақ үй басшысының арнайы өкілі Стив Уиткофф, вице-президент Джей Ди Вэнс және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бастап барады