Иран Ормуз бұғазын ашуға дайын
Иран АҚШ-пен арада жарияланған екі апталық бейбіт бітім кезінде Ормуз бұғазын ашуға дайын.
Бұл туралы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи X әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді. Алайда Вашингтон мен оның одақтастары да шабуыл жасауды біржола тоқтатуы қажет. Трамппен уақытша келісім жасалғаны белгілі. Енді Иран бұғаздағы кеме қатынасын өз бақылауында ұстайды. Израиль де әзірге соққы жасамауға уәде беріп отыр.