Таяу Шығыста тыныштық орнаған жоқ

АҚШ пен Иранның уақытша келісімге келгеніне 24 сағаттан асты. Алайда, Таяу Шығыста тыныштықтың орнайтын түрі көрінбейді. Ормуз бұғазындағы кеме тасымалы әлі қалпына келген жоқ. Су жолы арқылы өту үшін Ислам революциясы сақшылар корпусының рұқсаты қажет. Иран Израильден Ливанды бомбалауды тоқтатуды талап етіп отыр.

Тегеран: "Ливанда да оқ атпау режимі орнауға тиіс. Бұл Вашингтонға жолдаған талабымызда анық көрсетілген, - дейді.  Сондай-ақ, Ислам Республикасы АҚШ-ты 10 тармақтан тұратын шарттың үшеуін бұзды айыптады.  Бірақ, Вашингтон мен Тель-Авив Бейрутке қарсы әскери операция тоқтату жөнінде о баста ешқандай келісім болған жоқ, - дейді. Ақ үй әкімшілігі АҚШ-Иран келіссөзі сенбі күні, яғни 11 сәуірде Пәкістанда өтетінін мәлімдеді. Құрама Штаттар делегациясын вице-президент Джей ди Вэнс бастап барады.  

Джей Ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:

Иран бұл келісімнің Ливанға да қатысы бар деп ойлаған тәрізді. Бірақ біз ешқашан ондай уәде бергеніміз жоқ. Мұның тек Иранға және Американың одақтастары - Израильге, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттеріне ғана қатысты болады деп айттық. Енді келесі қадамды Ислам Республикасы жасауы керек. Әйтпесе, Президент Трамптың соғысты қайта бастауы мүмкін.