В. Зеленский мәлімдеме жасады
Таяу Шығыстағы бейбіт бітім жарияланған тұста Украина президенті Владимир Зеленский де Ресейді мысалға келтіре отырып, соғысты тоқтатуға қатысты пікірін жазды. Ол ойын "Телеграмдағы" парақшасы арқылы жариялаған.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
- АҚШ Иранға қатысты жағдайды дипломатия арқылы шешуге тырысып жатыр. Мұны әлем қолдады. Атысты тоқтату дипломатияға даңғыл жол ашып, тіпті соғысты біржола тоқтатуы ықтимал. Украина да Ресейге қарсы соғыста әрқашан осы бағытты ұстанып келді. Әрине, бұл оңай емес. Таяу Шығыстағы оқ атпау режимін ұстап тұру үшін әлі көп күш-жігер жұмсау қажет. Десе де түпкі мақсат қауіпсіздікті қамтамасыз ету болуы керек. Ормуз бұғазын қайта ашу – Ресейдің мұнайдан алатын табысын азайтуға деген жаһандық қажеттілік. Ресей Иран режимін қолдауға барынша көп инвестиция салды және сол соғысты созуға барын салды.