Трамп Иранға үндеу жолдады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісі арқылы Иранға үндеу жолдады. Ол Тегеранды Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алмауға шақырған.

Өйткені мұндай қадам қол жеткізілген келісімдер мен Иранның кемелердің емін-еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету міндеттемесіне қайшы әрекет. Осының алдында Financial Times басылымы "Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы өтетін әр кемеден 2 миллион доллар алым алу мүмкіндігін қарастырып жатыр және бұл төлем криптовалюта түрінде қабылданбақ" деп жазған болатын. Еуропалық одақ "Ормуз бұғазы – бәрімізге ортақ, ондағы жүріс-тұрыс еркін болуы керек" деп Тегеранның бастамасына ресми түрде бірден қарсылық білдірді.