Нетаньяху: Ливандағы соғыс тоқтамайды

Ливанда соғыс тоқтамайды. Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді. Израиль премьер-министрі "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуылдардың жалғаса беретінін және Израильдің солтүстігіндегі тұрғындардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейінше тоқтамайтынын жеткізген.

Осының алдында Нетаньяху ел үкіметіне Ливанмен тікелей келіссөз бастауды тапсырған. Оның айтуынша, мұны Ливан үкіметінің өзі сұраған. "Рейтердің" мәліметіне қарағанда келіссөздер алдағы аптада АҚШ астанасы Вашингтонда өтуі мүмкін. Нетаньяху: "Ондағы мақсат -"Хезболланы" толық қарусыздандыру және тарихи бейбіт бітімге келу", - дейді.