Қатарда кеме қатынасы қалпына келді

Қатарда бүгіннен бастап кеме қатынасы қалпына келді. Бұған дейін ол Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың ушығуына байланысты тоқтатылған болатын.

Бірақ әлі де шектеу бар. Елдің Көлік министрлігі кемелерге теңізге сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін ғана жүруге болатынын ескертті. Ал балық шаруашылығына рұқсаты барлар күн-түн демей жүзе береді. Қатар билігі барлық кеме иелері мен теңіз операторларын құрал-жабдықтың ақаусыз болғанын қадағалауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.