Әлемдік нарықта мұнай 7%-ға қымбаттады  

Иран Ормуз бұғазын қайта жапқаннан кейін мұнай 7%-ға қымбаттады. Қазір Brent маркалы қара алтынның баррелі 96 АҚШ долларына сатылып жатыр. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс себеп. Тараптар бір-бірін айыптап, бұғаздағы жағдай шиеленісіп барады. Бүгін келіссөздер өтуге тиіс еді. Алайда Тегеран мәмілеге қатысудан бас тартып отыр. 

АҚШ теңіздегі блокадасын тоқтатсын деген уәжі бар. Ал Дональд Трамп Иранмен арадағы жағдай реттелетіне сенімді. Осыған дейін Пәкістан Вашингтон мен Тегеранды диалог алаңына шақырған болатын. Алайда келіссөздер сәтсіз аяқталды.