Данияда электромобильдерге сұраныс артты
Жанармай бағасының қымбаттауына байланысты Данияда электромобильдерге сұраныс артты.
Mobility Denmark қауымдастығының кейінгі деректеріне сүйенсек, биыл бірінші тоқсанда сатып алынған автокөліктердің 95 пайызы - электромобильдер. Қазір елде тоқпен жүретін темір тұлпарлардың жалпы саны 600 мыңнан асады. Яғни былтырғымен салыстырғанда 17 пайызға көбейген. Данияда баламалы көлік түрлеріне көшудің қарқын алуы мемлекеттің салықтық және саяси бағдарымен тығыз байланысты.