Иран танкері АҚШ блокадасын бұзып өтті
Иранға тиесілі танкер Ормуз бұғазында АҚШ орнатқан блокаданы бұзып өтіп, ел аумағына сәтті кірді.
Көлік құралы қазір оңтүстіктегі кемежайлардың бірінде. Пентагон, әзірге, бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Естеріңізде болса, шамамен бір апта бұрын Құрама Штаттар Ормуз бұғазындағы теңіз порттарын қоршауға алған. Дональд Трамп аймаққа жақын келген кез келген ирандық кеме дереу жойылады деп сес көрсеткен еді.