Ташкентте «Иннопром» Орталық Азия көрмесі өтіп жатыр

Ташкентте «Иннопром» 2026 Орталық Азия өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр.

Халықаралық іс-шарада отандық компаниялар тау кен, құрылыс, машина жасау саласына қажетті технологияны көпшілік назарына ұсынды. Көрменің алғашқы күнінен-ақ шетелдіктер тарапынан қазақстандық өнімге қызығшулық танытқандар аз болмады. Келіссөздер жүргізіліп, серіктестер табылған. Биылғы көрмеге 35 елден 500-ге тарта компания қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясының іргелі ұжымдары бар. Биылғы іс-шараның бір ерекшелігі өнеркәсіп саласының жас мамандарына экспо-турлар ұйымдастырылады. Көрме 3 күнге жалғасады.