АҚШ Иранға санкцияны күшейтті
Тегеранға қару-жарақ сату және жеткізу ісіне қатысы бар 14 жеке және заңды тұлға қара тізімге енгізілді.
Сонымен қатар Иран, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан бірнеше ұшақтың қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы АҚШ-тың Қаржы министрлігіне сілтеме жасаған "Әл-Жазира" телеарнасы хабарлады. Сарапшылар "Осылайша президент Дональьд Трамп әкімшілігі Ислам республикасына экономикалық қысымды барынша күшейтуге ниетті" дейді. Айта кетейік, бүгін Пәкістанда өтуі тиіс болған АҚШ-Иран келіссөзінің екінші кезеңінің тағдыры қыл үстінде тұр. Исламабадқа АҚШ-тың да, Иранның да делегациясы барған жоқ.