АҚШ-тың мұнай экспорты ұлғайды

АҚШ мұнай экспорты рекордтық көрсеткішке жетті. Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы бұзылғалы Азия мен Еуропа елдері америкалық мұнайды көптеп тұтынуға көшкен.

Нәтижесінде жеткізілім көлемі тәулігіне 137 мың баррельге өсіп, алғаш рет 13 миллион баррельден асты. АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы деректері бойынша, қазір елде қара алтын қоры 466 миллион баррельге дейін көбейген. Ал сарапшылар Құрама Штаттар мен Иран арасында келіссөздер аяқталмайынша, әлемдік баға тұрақсыз болып қала береді деп отыр.