Газаны минадан тазартуға $541 млн қажет

Газа секторын минадан тазартуға 541 млн доллар қажет. Бұл Біріккен ұлттар ұйымының есебі.

Мамандардың айтуынша, қаражат керекті құрал-жабдықтар мен арнайы техника сатып алуға жұмсалады. Ал снарядтарды анықтау және залалсыздандыру жұмыстары бірнеше жылға созылуы мүмкін. Анклав аумағында әр 600 метр сайын жарылмай қалған оқ-дәрілер кездеседі. "Бұл жергілікті тұрғындарға қауіп төндіріп, аймақты қалпына келтіруге айтарлықтай кедергі келтіреді", - дейді ұйым өкілдері. Газада қарулы қақтығыс басталғалы мина жарылысынан 1 мыңнан аса адам қаза болды. Өкініштісі, басым көпшілігі – балалар.