Румынияда әйел адамды өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айрылады

Тиісті заңға ел президенті қол қойды. Осылайша, румын заңнамасында алғаш рет «фемицид» ұғымы бекітілді.

Бұған дейін мұндай жағдайлар аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру ісі ретінде қарастырылатын. Енді әйел өлтіру гендерлік зорлық-зомбылық ретінде танылды. Заң 18 жасқа толмаған қыз балаларға да қатысты. Билік бұл өзгеріс елде жәбірленуші әйел санын азайтып, жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді деп санайды.