Қытайда әлемдегі ең үлкен жел турбинасы орнатылды

Қытайда әлемдегі ең үлкен қалқымалы жел турбинасы орнатылды.

Сыйымдылығы 16 мегаватт. Жаңа құрылғы Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провиинциясының жағасына жақын маңдағы суға орналасқан. Биіктігі 270 метрден асады және 7 футбол алаңына тең аумақты қамтиды. Яғни осы бөлікте соққан желдің күшінен энергия өндіреді. Түпкілікті іске қосылғаннан кейін жел турбинасы сағатына шамамен 44,65 миллион киловатт энергия өндіреді деген жоспар бар. Мамандардың айтуынша, бұл қуат көзі жыл сайын 24 мың нысанды электр тоғымен қамтамасыз етуі тиіс.