Қытайда үй жануарларының сән апталығы өтті

Қытайдың шығысындағы Цзясин қаласында Үй жануарларының сән апталығы өтті.

Бұл күні мамық жүндері әдемі таралған, түрлі киім киіп, әшекей тағынған иттер, күшіктер мен мысықтар басты назарда болды. Бұл іс-шара сән көрсетілімі ғана емес, сонымен бірге мәдени құндылық мен туризмді дамытуды көздейтін жиын. Жалпы Қытайда 1 мамыр – Еңбек мерекесі 5 күнге созылады. Осы мезгілде түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылады.