АҚШ мұнай экспорты жөнінен көш бастады

АҚШ мұнай экспорты бойынша Сауд Арабиясын басып озып, әлемде бірінші орынға шықты.

Bloomberg басылымының мәліметінше, кейінгі екі ай шамасында елден 250 миллион баррельдей мұнай экспортталған. Таяу Шығыста логистиканың байланып қалуы себепті американдық мұнай әлемдік нарықта еркін сатылып жатыр. Негізгі көлем Жапония, Таиланд және Австралияға жөнелтіледі. Алайда АҚШ бұл қарқынмен ұзамайды дейді. Өйткені Құрама Штаттарындағы мұнай қоры азайып барады. Кейінгі екі ай шамасында 100 млн баррельге кеміген.