Израиль Ливан астанасын тағы бомбалады
Израиль өткен айда оқ атпау режимі жарияланғалы бері алғаш рет Ливан астанасын бомбалады.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, тұрғын үйлер атқыланған. Шабуыл салдарынан «Хезболла» қозғалысының таңдаулы жасағының сардары Ахмед Әли Балут пен бірнеше сарбаздың көзі жойылған. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол Ливанға соққы жасайтынын АҚШ билігіне алдын ала хабарлағанбыз дейді. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Ливанда 17 сәуірден бастап оқ атуды тоқтату режимі жарияланғанын айтқан еді. Десе де Израиль мен «Хезболла» оқтын-оқтын бірін-бірі атқылауын жалғастырып келеді.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Көзі жойылған сардар Израильдің солтүстігін басып алуды жоспарлаған басты содылардың бірі болатын. Ол біздің күштерге және қауымға қарсы тікелей шабуылдарды жалғастыра беремін деп ойлады. Өткен айдың өзінде біз «Хезболланың» 200-ден астам содырының көзін жойдық. Газа секторында да лаңкестік ошақтарын жойып, осы іспен айналысып жатырмыз. Террористерге ешкім қорған бола алмайды.