Италияда жас қыз жасанды интеллектке тәуелді болып қалған
Италияда 20 жастағы қыз бала жасанды интеллектке тәуелді болып қалған.
Бұл туралы Иль Гадзеттино ((Il Gazzettino)) басылымы хабарлады. Мәліметке сәйкес, 20 жастағы бойжеткен AI-чатботпен тым жиі сөйлесу салдарынан оны өзіне жақын адам ретінде қабылдай бастаған. Кейін мамандар оған психологиялық тәуелділік диагнозын қойды. Дәрігерлердің айтуынша, нейрожелі қолданушының эмоциялық күйіне бейімделеді. Салдарынан бойжеткен достары мен отбасынан алшақтап, қоғамнан оқшаулана бастаған. Қазір ол Венециядағы арнайы орталықта ем қабылдап жатыр. Мамандар жасанды интеллектке тәуелділікке қатысты мұндай жағдай жиілеуі мүмкін екенін ескертеді.