БАӘ шам еліне $15 млрд салады

Біріккен араб әмірліктері Сирияны қайта қалпына келтіруге 15 млрд доллар көмек береді. Бұл қаржы Шам еліндегі жаңа тұрғын үй, қонақжай және теңіз порттарының құрылысына жұмсалады.

Екі ел осы мақсатта инвестициялық ынтымақтастық орнатты. Ресми Абу Даби Сирия билігімен саяси диалогын нығайтып келеді. Сарапшылардың айтуынша, ауқымды инвестиция Сирияның соғыстан кейінгі экономикасын жаңғыртуға тың серпін беруге тиіс. Әсіресе құрылыс, логистика және энергетика салаларында жаңа жобалар жүзеге асады деген жоспар бар.

Абдулла Шабан, саяси шолушы:

- Дубайдағы ірі девелоперлік компания Дамашық, Хомс және тағы бірқатар аймақта жағалау туризмін дамытуға кірісетін болды. Жалпы құны миллиардтаған долларлық тың жобалар жүзеге асырылады. Мәселен жаңадан салынатын тұрғын үйлердің саны 100 мыңға жетуі мүмкін. Оның барысында 75 мың адам жұмыспен қамтылады. Жоспар бойынша Сирияға жыл сайын 12 млн турист тарту көзделген. Бұл сыртта жүрген көптеген сириялыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұдан бөлек, әмірліктер білім беру және теңіз тасымалы саласында ауқымды істерді қолға алады.