Эбола безгегімен күреске 100 тонна көмек жіберілді
Еуроодақ пен ЮНИСЕФ Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола індетімен күреске шұғыл гуманитарлық көмек жөнелтті.
100 тоннаға жуық жүкте дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық жабдықтар бар. Негізгісі, тырысқақ пен безгекті емдеуге арналған препараттар, шатыр секілді алғашқы қажеттіліктер. Бұл көмек шамамен 100 мың адамға жетеді. Мамандардың айтуынша, індет сирек кездесетін вирус штамынан туындаған. Әзірге оған қарсы вакцина жоқ.