Филиппинде жер сілкінісі құрбандарының саны 37-ге жетті
Филиппиннің оңтүстігінде 7,8 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті, деп хабарлайды «24KZ» GMA News телеарнасына сілтеме жасап.
Елдің Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметі бойынша, зілзаладан барлығы 456 адам жарақат алды, тағы 4 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Жергілікті билік Минданао аралында 1,9 мыңға жуық ғимарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар мен тұрғын үйлер бүлінгенін, оның 1,5 мыңға жуығы толығымен қирағанын айтады.
Хенерал-Сантос қаласының халықаралық әуежайы бүлініп, рейстер тоқтап қалды. Қазір қалада төтенше жағдай жарияланды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз