Д. Трамп: Түнде Иранға күшті соққы жасаймыз

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін түнде Иранға қарсы күшті соққылар жасалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Ақ үй басшысы жақын арада Иран мұнайының 90 пайызға жуығы экспортталатын Харк аралын бақылауға алуға уәде берді. Трамп осылайша елдегі мұнай-газ нарығын басқаруға ниетті екенін жазған. Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасында сәуір айында жасалған бітім туралы келісімге қарамастан шиеленіс әлі жалғасып отыр.