Францияда G7 саммиті басталады
Бірер сағаттан соң Францияда Үлкен жетілік елдерінің саммиті басталады.
Басқосу 15-і мен 17 маусым аралағында өтеді. Ауқымды жиын меймандары арасында Үлкен Жетілік елдерінен бөлек Бразилия, Кения, Оңтүстік Корея және Үндістан басшылары бар. Сарапшылар басқосуда тараптар АҚШ-тың Иранмен арадағы бейбіт келісімін, Украинадағы соғысты және сирек металдар мәселесін талқылауы мүмкін деп топшылайды. Сондай-ақ Вашингтон Еуропамен қатынасын қозғауы ықтимал. Дональд Трамп билікке келгелі қос тараптың арасы біршама суыған. Айта кетейік, былтыр Ақ үй басшысы Үлкен жетіліктің саммитіне толық қатыспай кетіп қалған еді. Сондықтан биыл Франция Президенті Эмманюэль Макрон саммит аяқталған соңТрамптың құрметіне Версаль сарайында дастарқан жаймақ.