No comment: Грузияда хош иісті лаванда гүлдеді

Грузияның орталығында лаванда алқаптары гүлдеп, күлгін түске боялды. Ерекше көріністі тамашалау үшін бұл жерге шетелден туристер келіп жатыр.

Мамандар лаванданың гүлдеу кезеңі тамыз айының соңына дейін жалғасады, - дейді. Хош иісті өсімдік парфюмериядан бастап фармацевтикаға дейінгі түрлі салада қолданылады.