Тбилиси балабақшаларында 50-ден астам бала уланып қалған
Грузия Қаржы министрлігінің Тергеу қызметі Тбилисидегі 20 балабақшадан кемінде 55 бала мен бір тәрбиеші улану белгілерімен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ Белта агенттігіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендер ел астанасындағы алты медициналық мекемеге жүгінген.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары төрт балабақша мен азық-түлік жеткізетін үш компанияда тінту жүргізді. Іске қатысы бар құжаттар, заттар мен азық-түлік өнімдері тәркіленді.
Алдын ала болжам бойынша, балалардың улануына бактериялық инфекция себеп болуы мүмкін. Оған балабақшаларда тұтынылған тағам өнімдері болуы ықтимал. Нақты қандай өнімнен уланғаны тергеу барысында анықталады.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.