Мадуроға қатысты сот кейінге шегерілуі мүмкін

АҚШ прокуратурасы қамаудағы Николас Мадуроға қатысты сот отырысын бір айға шегеруді сұрады.

Мекеме мұны қорғаушыларға іс бойынша жаңа материалдарды зерделеу үшін қосымша уақыт қажеттігімен түсіндіреді. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен логистикалық мәселелерді алға тартып отыр. Еске салайық, АҚШ жыл басында Венесуэлада арнайы операция жүргізіп, президент Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап алып келген еді. Ерлі-зайыпты халықаралық есірткі тасымалына қатысы бар деп айыпталуда. Алайда олар бұл айыптарды негізсіз деп, жоққа шығарып отыр.