Францияны аптап ыстық жайлады
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері кейбір өңірлерде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Мамандар ми қайнатар ыстықты Батыс Еуропада қызған ауа массаларын ұстап тұратын «жылу күмбезі» әсерімен түсіндіреді. Мұндай ауа райы жергілікті көлік жүйесінің жұмысына да кері әсерін тигізіп отыр. Қазір рельстердің қызу және деформациялану қаупі артып, алыс бағыттарға қатынайтын 70-тен астам пойыз рейсі тоқтап қалған.