Қытайдың оңтүстігін су басты
Қытайдың оңтүстігінде толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «24KZ».
Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында бірнеше өзен арнасынан асып, ауруханалар мен тұрғын үйлерді су басты. Құтқарушылар науқастарды қайықпен эвакуациялап жатыр. Өйткені көліктердің жүруі мүмкін болмай қалған.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, 500-ден астам науқас пен 620-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Елде төтенше жағдай жарияланды.