Францияда ыстықтан 13 адам көз жұмды
Францияда аптап ыстық салдарынан 13 адам көз жұмды. "Би-Эф-Эм" телеарнасының хабарлауынша, құрбандар арасында 2 жасөспірім бар.
Негізі қайтыс болғандар жоғары температурадан сая іздеп, суға түскен. Өлім-жітім көбейген соң полиция бақылауды күшейтіп, жиі рейд жасайтын болды. Осының алдында елдің метеорология қызметі аптап ыстыққа байланысты Францияның көп бөлігінде қауіп-қатердің ең жоғары қызыл деңгейін жариялаған еді. Бірқатар аймақта термометр бағаны 42 градусқа жетті.