Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен 235 адам қаза тапты

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті.

Тағы 4300-ден астам тұрғын жарақат алып, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалды. Кеше Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде бір минут ішінде магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала болды. Көптеген ғимарат қирап, электр жарығы сөнді. Елде төтенше жағдай жарияланды. Әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. БҰҰ халықаралық қауымдастықты Венесуэлаға шұғыл көмек көрсетуге шақырды. АҚШ, Испания, Колумбия және тағы бірнеше мемлекет қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.