Сальвадор Венесуэлаға гуманитарлық көмек жіберді

Сальвадор Венесуэлаға 50 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.

Арнайы ұшақпен жеткізілген жүктің құрамына дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттар бар. Бұл көмек жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында жіберілді. Сонымен бірге Сальвадор Каракасқа 300-ден астам құтқарушы, дәрігер және еріктіні аттандырды. Қазір олар апат болған аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатыр.