Венесуэлада қиранды астынан 11 жастағы бала аман табылды
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін үш күнге жуық уақыт өткен соң қиранды астынан 11 жастағы бала аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды «24KZ».
Колумбия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Моисес есімді бала үйінді астында шамамен 70 сағат жатқан. Оны Венесуэладағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан колумбиялық USAR COL-1 құтқару тобы тапқан.
Ведомство бұл оқиғаны «ғажайыпқа» теңеп, баланың аман табылуы құтқарушыларға үміт сыйлағанын мәлімдеді.
«Бұл – ғажайып! Моисес аман-есен табылды. Колумбиядан келген USAR COL-1 тобының қирандылар астындағы 70 сағаттық жұмысының арқасында 11 жастағы Моисес құтқарылды. Бұл бізге үміт беріп, аман қалғандарды іздеуге деген сенімімізді күшейтеді», – делінген министрлік хабарламасында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз