Дональд Трамп бензин бағасын төмендетуді тапсырды
АҚШ-та жанармай қымбат. Бұған Дональд Трамп наразы.
Ақ үй басшысы Truth Social-дегі парақшасында сатушыларға дереу бағаны төмендетуді міндеттеді. Егер сөзіне құлақ аспаса жақсылық күтпейді деп жазды. Сондай-ақ, баға әр галлон үшін 2,50 АҚШ доллар болуға тиіс. Өткен аптада Трамп жанармай құнын арзандатпаған бірқатар компанияны АҚШ Әділет министрлігіне тексеруді жүктеген болатын.